Жұртты діни мемлекет құруға шақырып, бүйректен-сирақ шығаруға ұмтылғандар ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризм және экстремизм сипатындағы қылмыстары үшін 13 адамды бас бостандығынан айырды. Олар негізінен әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттаған. Ол аздай, өз ұстанымымен келіспейтін, сөздерін терістейтін адамдарға қарсы күш қолдануға шақырады екен. Сот шешімімен астаналық тұрғын 8 жылға, ал теократиялық мемлекет құрайық деп желпінген шымкенттік азамат 7 жылды арқалады. Ал өзге 11 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр екен.
ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:
Осы кезеңде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Абай облысында осындай қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталған. Оның ішінде екі шетелдік, шетелден экстрадицияланған Қазақстанның үш азаматы ұсталды.