Түрлі саланың басын ұстаған мамандар енді дрон басқаруды үйреніп жатыр. 14157 әскери бөліміндегі бір айлық жиынға Тараз қаласы мен Жамбыл, Жуалы және Байзақ аудандарынан 120 адам шақырылған. Олар әскери міндетті азаматтар. Арасында фермерлер, жүргізушілер, инженерлер, заңгерлер мен бухгалтерлер бар. Отыз күн ішінде олар арнайы даярлықтан өтіп қана қоймай, ұшқышсыз ұшу аппараттарының құрылымы мен оларды басқару негіздерін үйренеді. Ал резервтегілерді оқытуға тәжірибелі нұсқаушылар тартылған.
АЛМАС ЧУНКУНОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Дрон операторларды дайындау мақсатында ең бірінші, алғашқы тек қана әскери бөлімде емес, негізі республика бойынша бірінші сондай әскери жиындар. Сондықтан жылда болады деп ойлаймыз.