Мазмұнға өту
· 116 қаралым

Алматылықтарды алаңдатқан ақ аю

Алматылықтарды алаңдатқан ақ аю. Күні кеше әлеуметтік желіде тараған жыртқыштың видеосы көпшілікті бей-жай қалдырмады. Оқырмандардың басым көпшілігі аптап ыстыққа жануардың шыдамайтынын айтып, хайуанаттар бағының әкімшілігінен салқындату жүйесін қосуды сұраған. Мекеме өкілдерінің айтуынша, аюдың жағдайы бірқалыпты, алаңдауға негіз жоқ. Оның арнайы бассейні бар, ал паналайтын жері салқындатылған екен. Сондай-ақ жануарға қажетті мұз бен қар да бар, дейді зообақтағылар.

 

← Барлық жаңалықтар