Алматыда граната алып жүрген ер адам ұсталды. Райымбек даңғылының бойында кетіп бара жатқан ол ерсі әрекетімен күдік тудырыпты. Полицейлер тоқтатып, тінтігенде, оның сөмкесінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған. Тәртіп сақшылары дереу жедел штаб пен саперлерді шақырған. Тексеру кезінде гранатаның оқу-жаттығу құралы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталыпты. Күдікті болса қауіпті затты тауып алғанын, ал суық қаруды тұрмысқа қажет болған соң ұстап жүргенін айтыпты. Бұрын істі болған адамның бұлай айтқандарының қаншалықты рас-өтірігі тергеуден соң белгілі болмақ.