Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Жол қателікті кешірмейді

Демаламыз деп барып, ауруханадан шыға жаздады. Астанадан Бурабайға туристерді апара жатқан автобус жол апатына ұшырады. Оның жүргізушісі тас жолда рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Одан соң ағашқа ұрылып барып, бір-ақ тоқтаған. Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасынан 10-нан аса адам зардап шегіпті.

ДАНИЯР АМАНЖОЛ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Апат салдарынан 11 адам зардап шекті. Оның ішінде 9 адам автобус жолаушысы. Және Changan көлігінен 2 адам. Жол-көлік апаты дерегі бойынша тексеру жүргізілуде.

Астанада да елдің есін шығарған жол апаты болды. Қытай көлігін тізгіндеген адам Мәңгілік Ел даңғылы мен Орынбор көшелерінің қиылысында бағдаршамның қосымша белгісін пысқырмай, өтіп кетпек болған. Сол сәтте өз жолымен келе жатқан жапондық темір тұлпармен оңбай соқтығысып, артынша металл тірекке ұрылған. Салдарынан кінәлі жүргізуші мен оның 3 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

ДАМИР ӘМРЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Соққының әсерінен «Changan» көлігі жол жиегіндегі бағдаршам бағанасына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Changan» көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Екі автокөлік те арнайы тұраққа қойылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің екеуі де мас күйде болмаған.

← Барлық жаңалықтар