Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Аттракцион екі аяғын жұлып тастады

Аттракционда болған апаттан кейін 18 жастағы жігіт екі аяғынан айырылды. Оқыс оқиға Қызылордадағы саябақтардың бірінде болды. Куәгерлердің айтуынша, аттракцион оның қос аяғын жаншып, шайнап тастаған. Көп қан жоғалтқан жасөспірім бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ал туыстары аса ауыр жарақат алып, қансырап қалған балаларына қан іздеуге кіріскен.

ЖАСҰЛАН БАЙМАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жедел отаға алынды. Ота жасалғанда сол жақ сан бөлігінің үштен бір деңгейіндегі ампутация. Сол аяғында тобық деңгейіндегі ампутация. Қазіргі жағдайы өте ауыр. Ауыр жағдайына байланысты реанимацияда қарқынды ем алып жатыр.

Полиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

ӘДІЛ АНАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта аталған іс аясында болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

← Барлық жаңалықтар