Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Қарызға ақша беруден аулақ болыңыз!

Қарызға ақша беруден аулақ болыңыз. Әсіресе, бұндай өтінішпен бұрынғы әріптесіңіз немесе танысыңыз жазса, келіспей тұрып, әуелі жеті рет өлшеп алғаныңыз дұрыс. Қазір әккілер әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша сұрайды екен. Арасында өздерін лауазымды тұлға я болмаса күштік құрылым мен құқық қорғау органдарының басшысы ретінде таныстыратындар да бар. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, бұл елде белең алған алаяқтықтың кезекті схемасы. Осы орайда, полицейлер SMS-кодтарды, банк картасының деректері мен құпиясөздерді ешкімге бермеу керектігін тағы бір мәрте ескертіп отыр.

← Барлық жаңалықтар