Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Үздігі көп мектеп

Бүгін елімізде 9-шы және 11-ші сыныпты аяқтаған түлектерге салтанатты түрде аттестат тапсырылып жатыр. Ақтөбедегі әл-Фараби атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясы өңірдегі мақтаулы білім ордасының бірі. Қаршадайынан үздік оқыған 7 түлек «Алтын белгі», ал 9-шы сыныпты аяқтаған 138 оқушының 24-і «Ерекше үлгідегі аттестат» алды. Бәрі облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда жеңімпаз және жүлдегер атанғандар. Ұстаздар мен ата-аналары оларға ақ жол тілеп, ізгі лебіздерін білдірді. Биыл облыс бойынша оқу жылын 190 мыңға жуық оқушы аяқтады. Оның 19 мыңы бастауыш сыныппен қоштасса, 15 мыңы тоғызды бітіріп отыр.

ЕРДӘУЛЕТ АМАНЖОЛОВ, ТҮЛЕК:

Мен үшін бірінші орында – сабақ. Өйткені мен өз болашағымды жақсы қалыптастырғым келеді. 2011 жылдан бері үздік оқып, соңғы аттестат алу емтихандарын сәтті тапсырып, үздік аттестат иегері болғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен жетістік, әрі еңбегімнің жемісі деп санаймын.

← Барлық жаңалықтар