Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Астана аспанын қою қара түтін торлады

Бас қала аспанын қою қара түтін басты. Елорда тұрғындары сүйіп баратын саябақтың бірінде өрт шығып, құтқарушылар таң атысымен аяғынан тік тұрды. Оқиға қаладағы «Триатлон» саябағында болған. Тұрғындар тілсіз жауды өз күшімен сөндіруге талпынғанымен, лапылдап жанған от ырық бермепті. Өрт сөндірушілер 6 минутта жетіп, қызыл жалынды ауыздықтаған. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Сәтін салғанда, адамдар дін аман. Тек 25 шаршы метр аумақты алып жатқан ойын алаңы дымы қалмай жанып кетті. Қазір мамандар паркті тазартып жатыр.

← Барлық жаңалықтар