Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Семейде орман өртенді

«Семей орманында» бір тәулік ішінде 14 жерден өрт шықты. Абырой болғанда, орманды күзететіндер шапшаң қимылдап, тілсіз жаудың өршіп кетуіне жол бермеді. Үйлесімді әрекет етіп, жарты гектарға жеткізбей өшіріп үлгерген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер күндіз-түні кірпік қақпай, барлық аумақты бақылап отырмыз дейді.

← Барлық жаңалықтар