Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Полиция көлігі апатқа ұшырап, аударылып қалды

Қостанайда адамға лық толы полиция көлігі апатқа ұшырап, аударылып қалды. Сол сәтте қызметтік автокөлік бес күдіктіні сотқа апара жатқан екен. Оқиға Бәймағамбетов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Сақшылар қызметтік жарықтарды қосып, бағдаршамнан өтпек болған сәтте қауіпсіздікті тексермей, өз жолымен жасыл түске келе жатқан жеңіл машинамен соқтығысқан. Апат салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алыпты. Олар қазір дәрігерлердің бақылауында. Қалғандарының жағдайы тұрақты.

← Барлық жаңалықтар