Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі! Елордада Әкелер форумы өтті. Шарада отбасы құндылықтарын нығайту мен бала тәрбиесі төңірегіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Қала әкімдігі мұрындық болған жиынға мемлекеттік органның өкілдері, педагогтер, психологтар және қоғам белсенділері қатысты. Сарапшылар «әкелер баланы тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп қана қоймай, тұлға болып қалыптасуына да өз үлесін қосуы керек» дейді.
БЕКДАЙЫР КҮЗЕМБАЙ, «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» ҚБ АСТАНА ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бала қауіпсіздігі, баланың бақытты ортада өмір сүруі және де аналарға құрмет, көптеген мемлекеттік, Президентіміздің жаңа Ата заңда айтқанымыздай отбасы институтын нығайтуға байланысты осы форумды өткізіп жатырмыз. Осы орайда Астана қаласының әкімдігіне, орынбасарына, көптеген әкімдіктегі басқармаларға алғысымды білдіремін.