Өскеменнің екі жүзден астам тұрғыны қаладағы этнобақты тазалады. Олар аумақты қоқыстан арылтып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. «Таза Қазақстан» жобасы аясында өңірде мұндай экологиялық акциялар тұрақты өткізіліп келеді. Осылайша, шығыстағы жерлестеріміз жалпыұлттық бастамаға сүбелі үлес қосуда.
НҰРЗАТ СЕМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Жалпы бұл акцияның мақсаты – бізде «Жасыл ел» жасағының қатысушыларымен қала тұрғындарының басын бірлестіре отырып, қаланың тазалығын сақтау.