Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Көпір құлап, тұрғындарды әбігерге салды

Павлодар облысында төрт бірдей ауылды сыртпен байланыстырып тұрған көпірді су шайып кетті. Өзеннің арғы жағалауынан мал азығын қамдап, күнін көріп отырған жұрт жалғыз өткелінен айырылды. Көксу елді мекенінің тұрғындары алдағы қыстан қалай шығамыз деп сары уайымға салынып отыр. Ал бұл нысан былтыр ғана 34 млн теңгеге жөнделген екен. Халық болса қазынаның қыруар қаржысы сумен бірге ағып кеткендей күй кешуде. Сапасыз жұмыстың зардабын тағы да қарапайым тұрғындар тартуда. Ал әкімдік мердігер компанияны сотқа берген. Бірақ кейін қос тарап өзара келісімге келіпті. Оған сай, құрылысқа жауапты мекеме қираған көпірді биыл 25 шілдеге дейін толық қалпына келтіруге міндеттелген.

← Барлық жаңалықтар