Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Елордада жаңа су тазарту нысаны салынады

Су тапшылығының алдын алу мақсатында елордада жаңа нысанның құрылысы басталды. Мұнда тәулігіне 188 мың текше метр тіршілік нәрін тазартуға болады. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің сөзінше, былтыр станцияларға су жеткізу үшін 3 шақырымнан аса құбыр тартылған екен. Ал биыл 5 айда тағы 6 км-ге жуық су жолы салынған. Сондай-ақ, алдағы уақытта тағы 20 жобаны іске асыру көзделуде. «Бұл шаһарды үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — дейді қала басшысы.

← Барлық жаңалықтар