Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Бір күнде 4000 жұп неке қиюға ниеттеніп отыр

Көптің таңдауы түскен күн! Биыл шаңырақ көтергісі келетін ғашықтардың басым көпшілігі 26 маусымда неке қиюды жоспарлап отыр. Сандар бір-бірімен үйлесім тапқан датада отбасын құруға 4 мыңға жуық қалыңдық пен күйеу жігіттен өтініш түскен. Көш басында үш мегаполис тұр. Мәселен, Алматыда — 830, Астанада — 740 және Шымкентте — 141 жас жұбайлық өмірге қадам басқалы отыр. Нумерологияда 2 саны – серіктестік пен үйлесімділіктің, 6 – отбасы мен жылылықтың символы болып саналады. Сондықтан да 26.06.2026 деген датаны көптеген ғашықтар жаңа өмірдің жарқын бастауы деп біледі екен.

← Барлық жаңалықтар