Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Әскерилерге баспана алу оңайлайды

Елімізде әскерилерге берілетін баспана ақшасын жұмсау талаптары жеңілдеді. Осы уақытқа дейін оларға туыстарынан үй сатып алуға тыйым салынған еді. Бұдан бөлек, шаршы метрді шектеу мен құжат машақаты талай жанға қолбайлауы болған-тұғын. Енді бұл кедергілердің бәрі келмеске кетті. Бұдан былай тұрғын үй төлемін тек сатып алу мен ипотекаға ғана емес, кейіннен өзіңіздікі болып қалатын жалдамалы пәтерлерге жұмсауға және үлестік құрылыстан үй алуға да рұқсат. Үкімет өтінім беру жүйесін барынша оңтайландырып, әскери қызметшілердің баспаналы болуына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

ДӘУРЕНБЕК ЖҰМАБЕК, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Құжаттарды тапсыру 2 тәсілге бөлінген, ол электронды түрде және қағаз түрінде. Қарулы күштердің әскери қызметшілері құжаттарды электронды түрде үкіметтің веб-порталы арқылы тапсырады, ал басқа ведомствоның әскери қызметшілері басшысының атына қағаз ретінде құжаттарын тапсырады.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар