Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Әскерилерге баспана алу оңайлайды

Елімізде әскерилерге баспанаға берілетін ақшаны жұмсау талаптары жеңілдеді. Осы уақытқа дейін оларға туыстарынан үй сатып алуға тыйым салынған еді. Бұдан бөлек, шектелген шартты метр мен құжат машақаты талай жанға қолбайлау болған-ды. Енді бұл кедергілердің бәрі келмеске кетті. Бұдан былай тұрғын үй төлемін тек сатып алу мен ипотекаға ғана емес, кейіннен өзіңіздікі болып қалатын жалдамалы пәтерге жұмсауға және үлестік құрылыстан үй алуға пайдалануға да рұқсат. Бұдан бөлек, жалдау шартын міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізу талабы алынып тасталды. Осылайша Үкімет өтінім беру жүйесін барынша оңтайландырып, әскери қызметшілердің баспаналы болуына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

ДӘУРЕНБЕК ЖҰМАБЕК, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Құжаттарды тапсыру 2 тәсілге бөлінген, ол электронды түрде және қағаз түрінде. Қарулы күштердің әскери қызметшілері құжаттарды электронды түрде үкіметтің веб-порталы арқылы тапсырады, ал басқа ведомствоның әскери қызметшілері басшысының атына қағаз ретінде құжаттарын тапсырады.

← Барлық жаңалықтар