Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Есірткі таратқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Талдықорғанда синтетикалық есірткі таратқан ерлі-зайыптылар қолға түсті. Мессенджер арқылы нұсқау алған олар бұл зиянды затты жасырын орындарға қалдырып жүріпті. Тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар мен өлшеп, буып-түюге арналған құралдар тәркіленді. Уақытша тұрып жатқан жерлерінен де есірткі мен айғақтар табылған. Сөйтіп, заңсыз айналымнан 260 грамм мефедрон алынды. 43 және 33 жастағы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер олардың бұл қылмыспен қашаннан бері айналысып жүргенін және сыбайластарының кімдер екенін анықтап жатыр.

← Барлық жаңалықтар