Шығыс Қазақстанда танысын бопсалаған ер адам ұсталды. Жергілікті тұрғын үш жылдан бері жәбірленушіге күш көрсетіп, ақша алып отырған. Онысы аздай, көлігін арзанға сатуды талап етіпті. Алайда дегені болмаған соң, 1 миллион теңге сұраған. Жылдар бойы жүйелі түрде жасалған қоқан-лоқы салдарынан келтірілген материалдық шығын көлемі 2 млн теңгеден асады екен. Күдікті қамалып, енді ісі сотқа жеткенше тергеледі.