Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Астанада LRT мен AstanaBike біріктіріледі

Астанада LRT мен велосипедті жалға беретін AstanaBike жүйесі ортақ цифрлық платформаға біріктірілмек. 2027 жылдан бастап жолаушылар станциядан түскен бойда мобильді қосымша арқылы QR-код сканерлеп, электр велосипедті тегін жалға ала алады. Сөйтіп, үйіне, жұмысына немесе басқа да діттеген жеріне жете алады. Ол үшін 2 млрд теңгеге мың үш жүз екі аяқты көлік сатып алынбақ. Бір рет қуатталғанда кемі 50 шақырымды еңсеретін велосипед сағатына 25 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Ал жалпы қала аумағында 195 велобекет орнату жоспарланып отыр.

← Барлық жаңалықтар