Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 104 қаралым

Қазақстан ең бейбіт 50 елдің қатарына енді

Қазақстан күннен күнге бейбіт ел екенін дәлелдеп келеді. Жаһандық бейбітшілік индексінде бес сатыға жоғарылап, 44-ші орынға тұрақтады. Рейтингті Экономика және бейбітшілік институты шығарған. Мамандар 163 тәуелсіз мемлекеттегі қылмыс деңгейі, ішкі қақтығыстар, қоғамдық қауіпсіздік сынды 23 түрлі критерийді негізге алған. Соның нәтижесінде еліміз ең бейбіт 50 елдің қатарына енген. Орталық Азия елдері арасында алдымызда Өзбекстан тұр. Бізден кейін Тәжікстан 47-орынға жайғасқан. Ал Қырғызстан 61, Түрікменстан 66-орында тұр.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар