Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Астанада 85 жыл болмаған аптап ыстық тіркелді

Шілденің шіліңгір ыстығына жетпесек те, бас қалада соңғы 85 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді. Қазгидрометтің дерегінше, кеше Астанада сынап бағанасы +36,8 градусты көрсеткен. Осындай температура соңғы рет 1941 жылы болыпты. Жалпы, синоптиктер еліміздің көптеген өңірінде күн ыситынын айтып отыр. Дәлірек, оңтүстік пен шығыс аймақтарда 40 градустан асады екен. Ал солтүстік пен батыста сәл салқындайды. Бұдан бөлек, солтүстік-батыс пен шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар