Мазмұнға өту
· 32 қаралым

Астанада 500 пәтер үлестіріледі

Астанада 500-ден аса пәтер үлестіріледі. 1414-тен SMS келсе, бес жұмыс күні ішінде үйден бас тарту немесе келісім беруіңіз керек. Қала әкімдігінің дерегінше, арендалық үйлер кезекте тұрған әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге және баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға беріледі. Тізімге іліккендерге 1414-тен SMS келеді. Жауап беру үшін «Отбасы банктің» арнайы порталындағы жеке кабинетке электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіресіздер.

НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Біз SMS хабарламаларды 5-7 күн ішінде Астана қаласы бойынша жіберейін деп отырмыз. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 1414-тен біз сіздің деректеріңізді тексереміз. Біз сол азаматтың дерегін тағы бір нақтылау үшін тексереміз.

← Барлық жаңалықтар