Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Тас жол балқып кетті

Аптап ыстыққа адам түгіл, тас жолдың өзі шыдас берер емес. Шымкент пен Өзбекстан шекарасын жалғайтын күре жолда асфальт балқып, көлік қозғалысын қиындатты. Алдын ала мәлімет бойынша, ақау ауа температурасының күрт көтерілуі салдарынан пайда болған. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақпаратынша, ыстықта тас жолға түсетін жүктеме артады. Салдарынан плиталар кеңейіп, кейбір учаскелерде деформация пайда болуы мүмкін. Жауапты ұйым жолды қалпына келтіруге, көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолға алғанын хабарлады.

← Барлық жаңалықтар