Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Жамбылдық жастар Италияға барады

Жамбылдағы білім беру жүйесіне италиялық әдістеме енгізілмек. Жаңа тәсіл студенттердің практикалық дағдыларын дамытып, еуропалық оқу бағдарламаларын меңгеруге жол ашады. Алдымен оқытушылар шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасады. Кейін олардың ізін ала 10 студент Италияға жол тартады. Нәтижесінде жастар білім беру стандарттарымен танысып, заманауи кәсіптердің қыр-сырын үйренеді. Мамандар әсіресе бұл бағытта ерекше балалар шет қалмайды дейді. Өрендер ел қатарлы оқып, өз білімін жетілдіреді деп отыр.

АЙМАН АБЗАЛ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Негізгі мақсат бұл — студенттерге Қазақстанның ғана қарамағында ғана емес, халықаралық деңгейде де білім алуға көмектесу. 2026-2027 оқу жылы Италия мемлекетіне қазақстандық 10 студентті апарып, білім беру жүйесімен таныстыру және де сол ортаға бейімдеу.

Меркі колледжінің тыныс-тіршілігімен танысқан шетелдіктер талантты ауыл балаларын көріп таңғалды. Білімгерлердің қолынан шыққан туындыларына жоғары баға беріп, өз тарапынан тиісті қолдауды көрсетуден қалыс қалмайтындарын айтты.

FABIO NALIN, ANGI MILANO ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз жас буын қауымдастығы ретінде Қазақстанның оқу орындарымен және мекемелерімен ынтымақтастықты әрі қарай жалғастырып, дамытуға ниеттіміз. Италия мен Қазақстанның ортақ жарқын болашағын қалыптастыру жолындағы осындай серіктестіктерді қолдауға әрдайым дайынбыз.

← Барлық жаңалықтар