Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Студент сабаққа емес, соғысқа дайындалған ба?

Колледж студенті сабаққа емес, соғысқа дайындалған ба? Алматы метросында жасөспірімнің сөмкесінен бірнеше патрон шықты. «Райымбек батыр» станциясында тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған студенттің жеке заттарын тексеру кезінде Калашников автоматына тиесілі болуы мүмкін үш бірдей оқты тапқан.

Полицейлер қауіпті затты тәркілеп, студенттің қолына кісен салды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның бұл оқтарды қайдан және не мақсатпен алғаны анықталып жатыр. Оқ-дәрілер арнайы сараптамаға жолданды. Полиция департаменті қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, өзімен алып жүру немесе тасымалдау тікелей қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

← Барлық жаңалықтар