Мазмұнға өту
· 17 қаралым

31 желтоқсанды демалыс күні ету мәселесі тағы талқыланды

Жаңа жылда демаламыз ба? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді.

Асқарбек Ертаевтің сөзінше, 31 желтоқсанды мерекелік датаға қосу мәселесі бұған дейін бірнеше мәрте талқыланған. Алайда банк және қаржы саласының өкілдері бұл күннің жұмыс күні болып қала беруін қолдапты. Себебі жылдың соңында есеп-қисаптар аяқталып, қаржылық қорытындылар жасалады екен.

← Барлық жаңалықтар