Ми қайнатар аптап ыстық жолды да шыдатпауда. Тас төбеңнен төніп, шақырайып тұрған күн асфальтты шыжғырып жатыр. Мәселен, Астана — Павлодар тас жолының жекелеген учаскелерінде жол жабындысы көтеріліп кетіп, баланың еңбегіндей былқылдап қалған. Жүргізушілер бір пәлеге душар болмасын деген мамандар көлік қозғалысына уақытша шектеу қойып, дереу жөндеу жұмысына кіріскен. Олар жолдың бүлінген жерлерін қырып тастап, астына қиыршық тас төсеп, қайта асфальттауда. «ҚазАвтоЖол» өкілдері республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйін тұрақты бақылап отырғандарын, уақтылы күтіп-ұстау жұмыстары жалғаса беретінін айтты.
Ақбаян Сұлтанмұрат