Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Алып ағаш екі көлікті басып қалып, бір адам қаза тапты

Оқиға салдарынан бес адам зардап шегіп, 61 жастағы әйел көз жұмды.

Алматы облысында дүлей дауыл алып теректі құлатып, ағаш екі көлікті басып қалды. Жазым деген аяқ астынан. Жылдар бойы табиғаттың небір тосын құбылысына төтеп беріп, қасқайып тұрған алып теректі дүлей дауыл құлатып, ағаш екі көлікті басып қалды. Соның салдарынан бес адам зардап шеккен. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасында болған. Мамандар түрлі жарақат алғандарды көліктен әрең дегенде шығарып, жедел жәрдемге тапсырыпты. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне, біреуі балалар ауруханасына жатқызылып, ал жағдайы дұрыстауы үйіне жіберіліпті. Дәрігерлер реанимациядағы 61 жастағы әйелдің өмірін сақтап қала алмағандарын айтты. Ал 39 жастағы жігіттің жағдайы ауыр екен.

← Барлық жаңалықтар