Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Полицейдің өліміне күдікті жасөспірімдер үйқамаққа алынды

Жасөспірімдерге электронды білезік тағылып, баспаналарына бейнебақылау жүйесі орнатылады.

Әкесін өлтірді деп күдікке ілінген ұлы мен оның досы үйқамаққа жіберілді. Естеріңізге салайын, 23 маусымда Алматы облысының Кеген ауданында денесі күлге айналған полиция қызметкерінің мәйіті табылған болатын. Осы жантүршігерлік қылмысқа марқұмның жұбайы, 14 жастағы баласы және оның досы күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Кейін кәмелетке толмағандарға қатысты бұлтартпау шарасы белгілі болып, Кеген аудандық сотының тергеу судьясы оларды үйқамақта ұстауды ұйғарыпты. Бұл жөнінде жасөспірімдердің адвокаттары әлеуметтік желіде хабарлады. Енді оларға электронды білезік тағылып, баспаналарына бейнебақылау жүйесі орнатылады. Ал күдіктілердің адвокаттары бұл қылмыстың астарында күрделі жайттар бар деп топшылайды.

Жасөспірімдер ұзақ уақыт бойы отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездікке куә болған, тіпті өздері де сондай жағдайдың құрбаны болуы мүмкін, —

дейді олар.

← Барлық жаңалықтар