Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Жетісу облысында төрт бала суға батып кетті

Төрт бала шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, көз жұмған.

Жетісу облысында бір демалыстың өзінде бірнеше отбасы қара жамылды. Төрт бала шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, көз жұмған. Қайғылы оқиғалар өңірдің үш ауданында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, жыл басынан бері аймақта алты адам суға батқан. Барлығы дерлік рұқсат етілмеген су айдындарында шомылыпты. Осы орайда құтқарушылар ата-аналарды ұл-қыздарын қараусыз қалдырмауға және тек жабдықталған жағажайларға ғана баруға шақырды.

ЕЛДАР ТҰРСҰНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Өлім-жітімді азайту мақсатында бізде күнделікті түнгі-күндізгі уақытта арнайы бекітілген графикке сәйкес рейдтік-патрульдік жұмыстар жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы арнайы бейнероликтерді дайындап, таратып жатырмыз. Соған қарамастан, облысымыздың аумағы кең, өзен-су, көлге бай. Барлық жерді бір сәтте қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ. Тек ата-аналар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаса, мұндай оқиғалар болмайды деп ойлаймын.

← Барлық жаңалықтар