Биыл 3 мыңға жуық азамат бір айға әскерге шақырылады.
Онда запастағы әскерилер заманауи қару-жарақ пен техниканың тілін меңгеріп, кәсіби дағдыларын жетілдіреді.
Іріктеу жергілікті әскери басқару органдарында жүргізіледі.
Кандидаттардың мамандығы мен денсаулығына ерекше назар аударылады.
Шақырту алған азамат белгіленген мерзімде келуге міндетті, ал талапты елемесе 21 625 теңге айыппұл салынады.
Жиын кезінде олар азық-түлікпен, киіммен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ жұмыс орны сақталып, орташа жалақысы төленеді, ал жұмыссыздарға ең төменгі жалақы беріледі.
Рамазан Палмағанбет