Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 100 қаралым

Әлеуметтік төлемді кімдер алады?

Енді әлеуметтік төлемдер шүлен таратқандай әркімге бірдей берілмейді.

Жауапты министрлік кіріс пен шығысты есептеп, шын мұқтаж отбасыларға көмектеспек.

Бұрын қаржылай қолдауды қамбасында ақшасы барлар да, көмекке зәру жандар да теңдей алатын.

Өйткені жауаптылар елдің әлеуметтік санаты болса, әлеуетіне қарап жатпайтын.

Ал енді санаттық тәсілді сырып қойып, негізгі басымдық жағдайы төмен отбасыларға берілмек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың сөзінше, бұл өзгеріс мемлекеттік ресурстарды неғұрлым әділ әрі тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Келесі кезең — eGov Mobile қосымшасында үй шаруашылықтарының цифрлық профильдерін қалыптастыру және банктермен, Қаржы министрлігімен, кредиттік бюролармен интеграциялау арқылы деректер құрамын кеңейту. Бұл отбасылардың нақты табысын, шығысын және қаржылық жағдайын ескеруге мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар