Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Полиция туристердің ақшасын қайтарып берді

Алматылық полицейлер такси жүргізушісіне алданып қалған шетелдік туристердің ақшасын қайтарып берді. Тәртіп сақшыларының үйлесімді әрекетіне риза болғандар алғыстарын жаудырды. Әуежайдан таксиге отырған шетелдіктерді діттеген жеріне жеткізген жүргізуші олардан 150 доллар талап еткен. Сұрағанын берген туристер кейін оңбай алданғандарын біліп, полицияға шағым түсірген. Тәртіп сақшылары жүргізушіні бірден анықтап, тауып алды. Ол артық ақшаны иелеріне қайтарып берді. Дегенмен жазадан құтылмайды. Хаттама толтырылып, іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Енді оған айыппұл салынуы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар