Маңғыстау өңіріндегі екі жекеменшік медициналық орталық ер азаматтардың диагнозының орнына оларға әйелдерге арналған ота жасалды деп құжат толтырған. Әрі мұндай құны қымбат қызметті 200-ден астам ер адамға көрсеттік деп, емдеу құнын он есе өсіріп жазған. Сөйтіп, 221 миллион теңгені жымқырған. Тексеру кезінде 19 пациенттің медициналық көмекке мүлдем жүгінбегені анықталған.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ер адамдарға қойылған «варикоцеле» диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның — «кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы» қызмет коды көрсетілген. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 221 миллион теңгеден асты. Тергеу жалғасуда.