Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 73 қаралым

Экс-шенеунікке қатысты видео жарияланды

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың үйін тінту кезінде түсірілген видео жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-шенеунікке қатысты істің мән-жайын мәлімдеді. Комитет таратқан жемқорлыққа қарсы күрес туралы деректі фильмде осы қылмыстық іске жеке эпизод арналған. Ведомство дерегінше, өткен жылдың соңында комитетке Жақсылық Омардың қол астындағы қызметкерлер мен бағынысты ұйымдардан жүйелі түрде ақша талап еткені туралы ақпарат түскен. Тергеу барысында мұндай адамдардың бары анықталған. Ведомствоның мәліметінше, Жақсылық Омар қызметте өсіруге уәде беріп, ал келіспеген жағдайда жұмыстан шығарамын немесе лауазымын төмендетемін деп қорқытқан болуы мүмкін. Айта кетейік, 3 сәуірде экс-әкім сот шешімімен алты жылға сотталған еді.

← Барлық жаңалықтар