Мазмұнға өту
· 37 қаралым

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Ел күнтізбесінде жаңа мереке пайда болды. Енді қазақстандықтар қосымша тағы бір күн демала алады. Келесі жылдан бастап Конституция күнін 15 наурызда тойлаймыз. Себебі дәл сол күні республикалық референдум өткізіліп, Ата Заңның жаңа нұсқасы қабылданды. Ал бұрынғы 30 тамыздағы Конституция күні ресми түрде күшін жойды. Жаздың соңындағы үйреншікті демалыс бұдан былай жоқ. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай биылдан бастап 30 тамызда қазақстандықтар демалмайтынын айтқан еді.

← Барлық жаңалықтар