LRT іске қосылғалы бері 3 миллионнан астам жолаушыны тасымалдапты.
Астана әкімдігінің мәліметінше, тәулігіне шамамен 70 мыңға жуық адам қатынайды екен.
Осылайша «Tarlan Astana» жүрдек пойызы елорданың сенімді әрі сұранысқа ие көлік желісіне айналып келеді.
Бас қалаға келген туристердің өзі LRT-ға мінбей кетпейтін сыңайлы.
Тіпті сол үшін жан-жақтан арнайы келетін халық та аз емес көрінеді.
Ал жобаның келесі маңызды кезеңі — Қосшы бағыты.
Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр.