Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Су саласына серпін берілмек

Су саласына жаңа серпін берілмек.

Қазақстан мен Қытай кадр даярлау ісін күшейтуге ден қойды.

Өйткені тіршілік нәрінің төңірегіндегі түйткілдерді тарқату үшін сауатты маман қажет.

Ал бұл салада қамшы салдырмайтын елдердің алғашқы сапында аспан асты елі тұр.

Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде Қытайдың кәсіптік колледжімен бірлескен оқу орталығы ашылатынын жеткізді.

Қазірдің өзінде гидрологтардың алғашқы легі көрші елмен тәжірибе алмасып келген.

Сондай-ақ кездесу барысында қытайлық компаниялардың Қазақстан аумағындағы су инфрақұрылымы жобаларын іске асыруға қатысу мүмкіндігі сөз болды.

Трансшекаралық су ресурстарын бөлу жөніндегі келіссөздердің барысы да талқыланды.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Осы жылдың қыркүйек айында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті Солтүстік Қытай су ресурстары және гидроэнергетика университетімен бірлескен білім бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қазақстандық студенттерге Қытайдың осы жоғары оқу орнынан 100 грант аламыз деген ойдамыз.

← Барлық жаңалықтар