Астана күнін тойлауды елордалық өрендер бастап кетті.
Бас қаланың табиғатын қорғауды қолға алған оқушылар жасыл технологияға негізделген идеяларымен бөлісті.
Олардың мақсаты — миллионнан астам тұрғыны бар шаһардың ауасын тазарту және қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды азайту.
Жас өнертапқыштар жаз бойы Астананың гүлденуіне атсалысамыз деп отыр.
АРУЕРКЕ АМАНЖОЛОВА, ОҚУШЫ:
Бұл табиғатқа зияны аз ғимараттың біреуі. Оның ішінде сирек кездесетін өсімдіктерді көбейтіп, олардан өндірілетін өнімдерді сатып, біз жасыл кәсіпкерлікті дамыта аламыз. Бұл табиғи баламалы энергия станциясы болады.
Үсен Астана