Ақтөбеде 38 жастағы ер адамды ұрып-соғып, автокөлігін өздеріне рәсімдеуді талап еткендер ұсталды. Бопсалаумен бес адам айналысқан. Олар жәбірленушіні қорқытып-үркіткені былай тұрсын, бірнеше сағат бойы көлікте ұстап, күш көрсеткен. Күдіктілердің ізіне түскен арнайы жасақ жауынгерлері ізін суытпай барлығын қамауға алды.
БАЛАБИ ӘЛИАСҚАРҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Бес күдікті жәбірленушінің танысы оның банк картасынан ақша аударған деген сылтаумен өздеріне тиесілі автокөлікті қайта рәсімдеуді және ақша беруді талап еткен. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер ер адамды автокөліктің ішінде заңсыз ұстап, бірнеше сағат бойы күш қолданып, өздерінің заңсыз талаптарын орындауға мәжбүрлеген.