Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Астанада LRT желісінен өрт шықты

Астанада LRT тоқтап қалды. Жеңіл рельсті көлік желісінің жолынан өрт шығып, пойыздағы жолаушылар зәрезап болды. Тал түстегі қою қара түтінді көре сала бортсеріктер бірден іске кіріскен. Өрт сөндірушілер жеткенше тілсіз жауды ауыздықтап үлгерген. Жалынға Сығанақ көшесі бойындағы LRT жолының бойымен өтетін электр кабелі себеп болған. Қысқа тұйықталудың салдарынан қас қағым сәтте тұтанып, өрт аумағы бір шаршы метрге жуықтаған. Алайда «Тарланды» тұралатқан тосын жайттың нақты неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілген.

← Барлық жаңалықтар