Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Алты мыңға жуық есірткі сайты бұғатталды

Ішкі істер министрлігі алғашқы жартыжылдықты қорытындылады. Алты айдың ішінде ел аумағында есірткі саудалайтын алты мыңға жуық сайттың қызметі бұғатталған. Толассыз рейдтердің арқасында жеті тоннадан астам психотроптық зат тәркіленді. Оның ішінде 500 келіге жуық аса қауіпті синтетикалық есірткі бар. Олардың нарықтағы құны бірнеше миллион долларға жетеді. Сондай-ақ киберқауіпсіздікке жауап беретін мамандар заңсыз қаржы айналымында болған тоғыз мың банк картасын бұғаттаған. Жалпы сомасы 135 миллион теңгеге шектеу қойылған.

ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінде есірткі қылмысына қарсы күрес мемлекеттік деңгейде 2026–2028 жылдарға арналған үш жылдық кешенді жоспар аясында жүргізілуде. Алғаш рет есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес құрылды. Осындай кеңес еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді. Комитет заңнаманы жетілдіруден бастап, цифрлық технологияларды дамытуға дейін барлық бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде.

← Барлық жаңалықтар