Елімізде су жаңа төрт бірдей су қоймасы салынбақ.
Тағы жетеуі қайта жөндеуден өтеді.
Тіршілік нәрінің қорын жинап, тасқынға тосқын болар нысандарды тұрғызу кезек күттірмейтін мәселе.
Сол себепті Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам даму банкінің қолдауымен жобаларды біртіндеп жүзеге асырып жатыр.
Мәселен, ұзындығы 2 мың 800 шақырымға созылған ирригация каналдарын реконструкциялау бойынша 151 жоба іске аспақ.
Сондай-ақ қос тараптың кездесуінде «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын жүзеге асыру барысы қаралды.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:
Министрлік пен Ислам даму банкі арасындағы тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың арқасында қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыстарды атқара алдық. Мемлекет басшысы мен Үкімет жүктеген барлық міндетті бірлескен күш-жігердің арқасында толық жүзеге асырамыз деп сенемін.