Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Ұшақ Астанаға қона алмады

Ауа райының қолайсыздығы кедергі болған. Air Astana ұшағы елордаға қона алмай, Алматыға кері қайтты. Бұл жөнінде осы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға кеше түстен кейін болыпты. Сағат екіден он бес кеткенде Алатаудың бөктерінен көкке көтерілген лайнер Сарыарқаның аспанын арлы-берлі шыр айналып, сағат бестер шамасында оңтүстік астанаға қайта оралыпты. Астанаға аялдай алмағасын, Қарағандыға қарайлаған екен. Қонуға күрт құбылған күн райы мұрша бермепті. Мегаполисте тағы бір мәрте тексеруден өткен соң, кешкі сағат сегізде Астанаға ұшып шығып, елордаға аман-есен жеткен.

← Барлық жаңалықтар