Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Құрылтай депутаты болам десеңіз, декларация тапсырыңыз!

Құрылтай депутаттығына үміткерсіз бе, ендеше бар дүние-мүлкіңізді ашық көрсетуге дайын болыңыз! Енді жаңадан жасақталатын заң шығарушы органның мүшесі болғысы келгендер сайлауға партиялық тізіммен тіркелер кезде декларация тапсырады. Мемлекеттік кірістер комитеті есеп-қисапты үміткерлер мен олардың жұбайы беретінін айтты. Мәліметте мүлік, қаржылай активтер мен берешекке дейін көрсетілуге тиіс. Атап айтқанда, шетелде тіркелген пәтер, үй, жер учаскесі сынды жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, шетелдік банктерде сақталған қаражат құпия болмауы керек. Тіпті егер берешегі болса, жұрт алдындағы қарызына дейін есеп береді.

← Барлық жаңалықтар