Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Селден төнген қауіп сейілді ме?

Арқырап аққан Ақсайдың суы тасығаны сол еді, төтенше жағдай қызметі бірден бақылауды күшейтті. Олар «Қазселденқорғау» мекемесімен бірлесіп, іске құмбыл кіріскен. Тікұшаққа мініп алып, Ақсай, Қарғалы, Кіші Алматы және Үлкен Алматы алаптарындағы мореналық көлдерді тексеріпті. Көзбен көргесін, көңілдері де жайланған. Сел қаупі бар аумақтардағы су деңгейі шекті көрсеткіштерден едәуір төмен екен. Сөйтіп «мұздықтар еріп бітті, қауіпті кезең өтті» деп бұқараға басу айтты. Ал күні кеше қалалықтардың зәресін зәр түбіне жіберген Ақсай өзенінің алабы қалпына келтіріліпті. Қазір жол учаскесін тазарту және көлік қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр екен. Сондай-ақ тау өзендерінің маңына қосымша бақылау бекеттері қойылыпты.

← Барлық жаңалықтар