Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Тілшілер тауға шығып машықтанды

Тілшілер тауға шығып машықтанды. Қаламның сиясымен нан тауып жүрген жандар әскери тәртіптің ұясымен танысты. Тау дайындығы орталығының казармасында үш күн бойы түрлі дайындықтан өтті. Қойын дәптер мен камераны дулыға мен сауытқа айырбастап, сала мамандарымен бірге сап түзеді. Бағдарлама теориялық және практикалық сабақтарды қамтыған. Шартты миналанған аумақтан өтіп, төтенше жағдайда өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін меңгерді. Қысқасы, таңсәріде оянып, қас қарайғанша әскери тәртіппен өмір сүрді. Бұл іс-шара Қорғаныс министрлігінің «Әскери дискурс – 2026» оқу-тәжірибелік семинарының аясында ұйымдастырылды.

АЙГЕРІМ АҒЫЛТАЕВА, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Әсіресе бұл әскери тақырыпты жазғанда нені ескеру керек? Және қауіпсіздік мәселелері. Сосын қандай да бір төтенше жағдайдағы оқиғалар, түрлі техногендік апаттар, тағы басқа жағдайлар бола қалса, мысалы әскери журналист өзін қалай ұстауы керек? Соған мән берілді.

← Барлық жаңалықтар