Өнерін көпшілікке паш етіп, үлкен сахнаға шығуды армандайтындар үшін тамаша мүмкіндік. Астанада шілде айы бойы өтетін «Отбасы Time» фестивалі басталды. Жоба қала тұрғындары мен қонақтарына арналған отбасылық демалыс алаңына айналмақ. Бағдарламада ашық микрофон, блогерлер мен контент жасаушыларға арналған алаңдар, жас музыканттардың өнер көрсетуі қамтылған. Сондай-ақ киберспортқа қызығушылығы бар жандар үшін арнайы орын жасақталған. Ұйымдастырушылар жаңа бастама аясында отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жұртшылықтың бос уақытын мәнді өткізуіне жағдай жасамақ.
АЯН АСҚАРҰЛЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Бүгін Астана қаласының тұрғындарына, қала қонақтарына «Отбасы фест» жобасының екінші күні ұйымдастырылып жатыр. Бұл жоба шілде айының әр демалыс күндері ұйымдастырылатын болады. Негізі үш ауқымды тақырыпқа бөлінген. Бірінші – еркін сахна, ашық сахна. Яғни кез келген Астана қаласының тұрғыны ешқандай кастингсіз сахнаға шығып, өз өнерін көрсете алады.